Төл басылымды төрге оздырды
Ғаламтор мен ақпараттық технология дамыған уақытта да мерзімді басылымның беделі түскен емес. Көзі қарақты оқырман газетті жаздырып оқуды үлгілі үрдіске айналдырған. Сексен жылдан аса тарихы бар «Тіршілік тынысы» газетінің тұрақты оқырманының саны артуда. Негізінен, 2022 жылдың екінші жартыжылдығында төл басылымға 3453 адам жазылған. Ал келесі жылдың бірінші жартыжылдығына баспасөзге жазылу тұрақты түрде жүргізілуде. Өз кезегінде Нұрхан Көшербаев бас-шылық жасайтын аудандық мәдениет үйінің ұжымы межені артық орындағанын айта кеткен жөн.
Адамның жандүниесін рухани, мәдени құндылықпен байыта түсетін іргелі ұжымның ұйымшылдығы көпке үлгі. Сахнада сан қырынан танылған өнер иелерінің газетке жазылуын ерекше мақтанышпен айта аламыз. Бүгінде аудандық мәдениет үйінің ұжымына «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Айқын», «Жас Алаш» «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Халық» газетіне 46 адам жазылу керек болса, олар 56 дана басылым жаздыртып алған. Ал төл басылым – «Тіршілік тынысы» газеті 20 мәдениет саласы маманының үйіне тұрақты түрде баратын болады. Баспасөзге жазылу науқанында белсенділік танытқан аудандық мәдениет үйінің қызметкері Ұлпан Жалғасбаеваның еңбегін ерекше ба-
ғалаймыз.
– Біздің ұжым «Тірішілік тынысы» газетінің тұрақты оқырманы екені мәлім. Әркез ақпараттық қолдау көр-
сетіп келе жатқан басылымның жұмысы жандана берсін демекпіз. Мәдениет саласында атқарылып жатқан жұмыстар үнемі жергілікті басылым бетінде жарияланып отырады. Соған орай сала қызметкерлері редакция ұжымымен тығыз байланыс орнатқан. Келесі жылы да, төл басылым үйіміздің төрінен табылатын болады. Аудан, облыс, республика көлемінде орын алып жатқан жаңалықты ең бірінші болып оқитынымызға дән ризамыз. Мәдениет саласының жағымды жаңалығы газет бетінен көрініп жатқаны – біздің еңбегіміздің елеулі екенін аңғартады. Бұдан әрі де әріптестік байланысымыз нығая бермек, – дейді аудандық мәдениет үйінің директоры Нұрхан Көшербаев.
Қазіргі таңда аудан тұрғын-дарына 2023 жылдың бірінші жар-тыжылдығына баспасөзге жазылу науқаны жүргізіліп жатыр. Көзі қарақты оқырман үшін тікелей және онлайн жазылу қарастырылған.
Балтабай ОРДАБЕКОВ