Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » СЫРДАРИЯ СҰЛУЛАРЫ ЖЕҢІМПАЗ

СЫРДАРИЯ СҰЛУЛАРЫ ЖЕҢІМПАЗ


Әрбір ата-ана баласына зор үміт артып, белгілі бір белесті  бағындырғанын қалайды. Әрқайсысына  өз қабілетін шыңдау үшін айқын жолды көрсете алсақ, жетістікке жету қиындық туғызбайды. Ауданда өнерлі өрендерді үлкен белесті бағындыру мақсатында барынша тәрбиелеп келе жатқан әуез мектебінің жұмысы жүйелі. Бүгінде біліктілігі жоғары  ұстаздардың арқасында аталған білім ордасы нағыз шеберлер мектебіне айналды.  Бұндағы кез келген өнерпаз үлкенді-кішілі байқаудың жеңімпазы атанып, ұстаздардың еңбеген еселеп қайтаруда. Музыканың түрлі жанры бойынша жан-жақты дамыған мектеп табалдырығын аттаған оқушының негізгі арманы кәсіби тұрғыдан өнерін жетілдеру екені рас. Осы ретте айтпағымыз аталмыш мектеп оқушылары жақында Шымкент қаласында өткізілген Қазақстан-Словения елдерінің бірлескен жобасы «Sloveniya glosba Festival» халықаралық байқауына қатысып, жеңімпаз атанып қайтқан болатын.
Қазақы өнердің биік шыңына қарай ұмтылған олардың алға қарай ұмтылысы керемет. Қай кезде де ұлттық аспап қобыздың қыр-сырын меңгерген өнерпаз жан тебіренісін күй арқылы сыртқа шығарады. Әуез мектебінің тәжірибелі оқытушысы саналатын  Ш.Нұрадинова мен С.Түгелбаева қазіргі таңда өз шәкірттерімен мақтанады. Аталмыш байқауда ұстаздардың үкілеген үміттері жоғарғы нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда  байқаудың бас жүлдесін  М.Ертаева жеңіп алса, жүлделі ІІ орынды Г.Ахметова иемденді. Талабы таудай олардың бұл алғашқы жетістігі емес. Бұлар әркез түрлі деңгейдегі байқаудың жеңімпазы атанып жүрген жайы бар. Екі өнерпаз алғаш 2015 жылы қабылданып, осы күні мектепті үздік нәтижемен бітірмек.
Ал, былтыр ғана би өнерімен машықтануға үлкен қадам жасаған оқушылардың жетістігі қуанарлық жағдай. Өткен жылы бірінші сыныпқа қабылданған биші қыздар арасынан «Еркем-ай» би тобы құрылған болатын. Аталған топтың жетекшісі ретінде оқытушы З.Айсина бекітілген. Дәріс барысында қырық бес балаға тәлім беретін жас маман аталған байқауға он тоғыз оқушымен аттанды. Бұл ретте «Еркем-ай» би тобы «Тарантелла» биін сәтті орындап, бас жүлдені иемденді.

Б.АЯБЕКҰЛЫ

21 мамыр 2019 ж. 725 0