600 маман, 23 жас: Ерлан Қарин қазақстандық AI командасымен кездесті
Вице-Президент Ерлан Қарин Алматыда 600 маманнан тұратын, орташа жасы 23-ті құрайтын Higgsfield AI командасымен кездесіп, қазақстандық жастардың жасанды интеллект саласындағы жетістіктерімен танысты, деп хабарлайды Кaz.inform.kz.— Алматыдағы іс-сапар кезінде уақыт тауып Higgsfield AI командасымен жолығып, жобаларымен таныстым. Команда құрамында 600 адам, орташа жасы – 23 жас. Басым көпшілігі – өзіміздің жастар. Бірқатары шетелде оқып, жұмыс істеп, елге арнайы осы жобамен айналысу үшін оралған. Осындай дарынды, білімді жастар жігерлендіреді, үлкен үміт сыйлайды. Олар еліміздің жасанды интеллект, инновациялар саласындағы халықаралық беделін нығайтуд, — деп жазды Ерлан Қарин.
Айта кетейік,ол бұған дейін Алматыдағы Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық және ғылыми мұрасына арналған «Философия. Этика. Болашақ» атты халықаралық симпозиумға қатысқан еді. Вице-президент ауқымды әрі маңызды ғылыми іс-шара екі жылда бір рет тұрақты түрде ұйымдастырылатынын айтқан болатын.









