Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ПРАГАДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

ПРАГАДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ


Бүгінде ұлттық спорт­ты дамыту жобасы Рес­публика деңгейінде жү­зеге асырылып келе­ді. Жалпы алғанда төл спортымыздың көкжиегі кеңейіп, жар­қын жетістікке жету тетіктері жан-жақты қарастырылған. Оның ішінде тоғыз­құмалақ зияткерлік ойындар қатарына жатқызылып, ел көлемінде биік межені бағындыруда.
Қазіргі таңда дүниежүзіне кеңінен таралған тоғызқұмалақ ойыны жастардың тұрақты айналысатын спортына айналған. Осы ретте қазан айының 14-21 аралығында Чехияның Прага қаласында зияткерлік ойындар олимпиада бағдарламасы негізінде тоғызқұмалақ, овари, бестемше және мангаладан халықаралық жарыс өткізілген болатын. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Украина, Швейцария, Германия, Пәкістан, Чехия мемлекеті спортшылары қатысып, өзара жеңімпаздарды анықтады. Бұл байрақты бәсеке жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады.
Аталмыш халықаралық жарыста ҚР жастар құрамасының мүшесі, аудан мақтанышы Дамир Ахметов бақ сынады. Жас спортшы тоғызқұмалақтың рапид түрінен жеңімпаз атанып, ел қоржынына алтын медаль салды. Шапшаң ойын көрсеткен ол бестемше ойыны бойынша жүлделі үшінші орынды иемденді. Облыс бойынша құрама сапына ілініп, биік белесті бағындырған Дамир Ахметов бірнеше дүркін жасөспірім мен жастар арасында Қазақстан және Азия чемпионы атанған. Оның жеке бапкері ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Білімжан Елеусінов.

Б.АЯБЕКҰЛЫ

30 қазан 2018 ж. 1 016 0