Төтенше жағдайлар қызметкері аралас жекпе-жектен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Аида Аблаева ММА-дан «2026 IMMAF World Championships» әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.Жарыс 1-7 қараша аралығында Грузияның Тбилиси қаласында өтіп, оған 60 елден 850-ден астам спортшы қатысты. Аида Аблаева 18-20 жас аралығындағы спортшылар арасында 52,2 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Биыл қазан айында спортшы АММА-дан Қазақстан чемпионы атанып, әлем біріншілігіне жолдама алған болатын.










