Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» 8 қарашада Астана, Алматы қаласы мен барлық өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің бірқатар өңірінде жаңбыр, қар, көктайғақ және тұман күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 30 метрге және одан да жоғары жылдамдыққа жетуі мүмкін.

Астанада ауа температурасы күндіз +9 градусқа дейін көтеріліп, түнде +6 градус шамасында болады. Синоптиктердің болжамынша, түстен кейін жаңбыр жауып, кешкі уақытта да жауын-шашын жалғасуы мүмкін.

Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +20 градусқа дейін жетсе, түнде +10 градус шамасында болады.

Ал Шымкентте күндіз ауа температурасы +26 градусқа дейін көтеріліп, түнде +14 градус болады. Аспанды жоғары бұлттар торлағанымен, жауын-шашын күтілмейді.


Сурет: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ
08 қараша 2026 ж. 34 0