Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕТІСТІК ЖОЛЫНДАҒЫ ТАБАНДЫЛЫҚ

ЖЕТІСТІК ЖОЛЫНДАҒЫ ТАБАНДЫЛЫҚ

Би залында қаз-қатар тізілген бүлдіршіндер тәлімгер дәрі­сін бұлжытпай орындауда. Әрқайсысының кәсіби шеберлікті жетілдіруге құл­шынысы жоғары. Қолдарын жоғары-төмен түсіріп, әр қи­мылды байыппен жасауға тырысады. Би өнерінің әліппесін меңгеруге келген олардың алдағы уақытта биік белесті бағындыруға ынтасы зор.
Күрделі элементті оңай игерген кез келген бишінің ойында сахнада сәтті өнер көрсету тұрады. Ің­кәр мінезі мен нәзіктігі ұштасқан қыздардың табиғаты ғажап. Қатаң талапқа көндіккен биші көпшіліктің көңілінен шыға отырып, айналасын баурап алады. Табиғи сұлулықты сақтау мен сырт пішінді қалыпты ұстау би өнеріндегі бұлжытпас ереже.
Аудандық әуез мектебі жанынан талай жас талант­тың шыққаны қуантады. Олардың ішінде әуез мектебінің оқушылары арасынан ерекше дараланып тұратын «Тұ­мар» би ансамблі 2007 жылы құрылды. Осы уақытқа дейін аталған би ұжымынан талай өнерлі жандар үлкен өмірге қанат қақты. Қазіргі таңда ансамбь құрамында ересек, ортаңғы, кіші топ болып бөлінген 50 оқушы тұрақты би өнерімен айналысады. Олардың жетекшісі Г.Өтебасова мен З.Айсина екенін айта кеткен жөн.
Аталған би ансамбілінің ортаң­ғы тобы жақында қуа­­­­ныш­ты жа­ңа­лығымен бөлісті. Нақтырақ айт­­сақ, Та­раз қаласында өткен респуб­ликалық «Talents of Kazakhstan» өнер жəне білім байқауына қаты­сып, бас жүлдені жеңіп алды. Мұнда сырдариялық өнерпаз ұжым қазақтың «Көңілді күн» биін орын­даған. Мың бұралған бишілер көпшілік көңілінен шыға білді. Жоғары дәрежеден көрінген «Тұмар» би ансамбілінің жетістігі аудан мерейін асырғаны рас.
Күні-түні тынбай дайындалған олар­дың өзгеден бәсі жоғары екендігі байқалды. Осыған дейін зор жетістікке жетіп үлгерген ансамбль мүшелерін кезекті жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта биік белесті бағын­дыру жолында сәттілік тілейміз.

Б.ҚАРАМАНТЕГІ

03 мамыр 2019 ж. 938 0