Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалғызілікті қарияларға көмекші: оқушы тың технология әзірледі

Жалғызілікті қарияларға көмекші: оқушы тың технология әзірледі

Петропавлдық оқушы қариялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған HelpMate көмекшісін әзірлед. Ол адамның қимыл-қозғалысын бақылап, дәрі қабылдау уақытын еске салып отырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқыс жағдай бола қалса, жақындарына хабарлама жіберіп, жедел көмек шақырады. Жас өнертапқыштың бұл бастамасын мамандар жоғары бағалап отыр. Артур қазір жобаны мобильді қосымша түрінде дайындап жатыр. Осылайша оны көпшілікке қолжетімді етуді көздейді. 

Петропавлдық оқушы қариялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған HelpMate көмекшісін  әзірледі. Ол адамның қимыл-қозғалысын бақылап, дәрі қабылдау уақытын еске салып отырады. 

Ал оқыс жағдай бола қалса, жақындарына хабарлама жіберіп, жедел көмек шақырады. Жас өнертапқыштың бұл бастамасын мамандар жоғары бағалап отыр. Артур қазір жобаны мобильді қосымша түрінде дайындап жатыр. Осылайша оны көпшілікке қолжетімді етуді көздейді.
Жалғызілікті қариялардың қауіпсіздігіне алаңдаған Артур былтырдан бері осы жобаны жасай бастады. Жасы келген адам үйінде абайсызда құлап қалса немесе денсаулығы сыр берсе, жағдайы қиындауы мүмкін. Дер кезінде көмек керек.  Мұндайда көмекші құрал қажет-ақ. Артур алғашында көмекшіні робот түрінде құрастырды.

«Роботтың көзіне камера орнатқанмын. Ол компьютерлік көру технологиясы арқылы адамның құлап қалғанын анықтап, бірден хабарлама жіберетін. Сонымен қатар сенсорлық экраны болды. Оның көмегімен қарт адам үйіндегі кейбір техниканы басқара алатын», дейді өнертапқыш оқушы Артур Штейнер.

Алғашқы сынақтан кейін жобаны жетілдіру қажеттігі туындаған. Себебі камераның роботқа орнатылуы кей тұрғындарға қолайсыздық тудырыпты. Сондықтан жас өнертапқыш қазір жүйені мобильді қосымша форматына өзгертіп жатыр. Оны смартфон мен ақылды сағат арқылы пайдалануға болады.



Сурет: 24кз
08 қараша 2026 ж. 26 0