ӨНЕРІМЕН ОЗҒАН ЖОМАРТ

Үздік оқушы Ж.Наршаев өткен жылдың қыркүйегінде Қызылорда қаласында өткен республикалық байқауда вокал жанрынан бас жүлдені жеңіп алып, Халықаралық байқауға жолдама алған болатын. Сол Халықаралық байқау Алматы қаласында “Ұлы дала ұрпағымыз” деген атаумен ұйымдастырылды. Еліміздің барлық облысы мен үлкен қалаларынан қатысқан мыңға жуық үміткердің арасынан суырылып алға шығып, вокал және домбыра номинациялары бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды. Тәлімгері Үміт Дабылқызы алғыс хатқа ие болды. Жомартқа вокалдан Ү.Ерназарова дәріс берсе, домбырадан аудандық әуез мектебінің мұғалімі Қуаныш Жүнісов тәлім береді. Шәкірт пен ұстаздарға жеңістеріңіз құтты болсын, жалғасын таба берсін дейміз.
Ш.НҰРСЕЙІТОВ