Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Үстіміздегі жылдың 20-22 сәуір аралығында Шымкент қаласында «Көктем гүлі - Әз Наурыз!» атты Республикалық өнер байқауы болып, байқауға Шіркейлі ауылдық мәдениет үйі жанындағы «Шаттық» халықтық үлгілі би ансамблімен, жаңадан жасақталған «Шаттық» кіші би тобы «Хореография» номинациясы бойынша кәсіпорын басшысы Нұржамал Жүзбаеваның жетекшілігімен қатысты. Бұл байқауда «Шаттық» халықтық үлгілі би ансамблі жүлделі І-орынды, «Шаттық» кіші би тобы ІІІ-орынды иемденді. Сонымен қатар Іңкәрдария ауылдық клуб үйінен ән үйірмесінің мүшесі, бүлдіршін өнерпаз Жұмабеков Халиолла (жетекшісі Жұмабекова Айгерім) «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ-орынды қанжығасына байлады. Жеңімпаз өнерпаздар Дипломмен, арнайы Кубокпен, медальдармен марапатталды.
Г.ӘЛЖАНОВА
24 сәуір 2018 ж. 1 791 0