Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№64 газет

25 тамыз 2026 ж.

№63 газет

22 тамыз 2026 ж.

№62 газет

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » СЫРДАРИЯЛЫҚ ОҚУШЫ ПОЛЬША МЕМЛЕКЕТІНДЕ ТЫНЫҒУҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

СЫРДАРИЯЛЫҚ ОҚУШЫ ПОЛЬША МЕМЛЕКЕТІНДЕ ТЫНЫҒУҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

№210 О.Əбілпаттаев атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Сейдалиева Аяулым Польша мемлекетінің жазғы тынығу лагеріне жолдама алды.

Білімді оқушы аталған жолдамаға «Кенгуру-Математика» халықаралық интеллектуалдық математика олимпиадасында жүлделі І-орынға ие болу арқылы қол жеткізді.

Сырдариялық оқушы Польша мемлекетінің жазғы тынығу лагерінде ағымдағы жылдың 31 шілдесі мен 9 тамыз күндері аралығында демалады.

Халықаралық жарыста топ жарып, аудан абыройын асқақтатқан оқушыны интеллектуалдық математика олимпиадасына ұстазы Ажар Накатова дайындаған.

Бүгінде есепке жүйрік озат оқушы ата-ана үмітін, ұстаздар сенімін ақтағанына қуанышты. Жас өренді жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да білім бәсекелерінде жеңімпаз атанатынына сенім білдіреміз.
31 мамыр 2018 ж. 1 528 0