Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№83 газет

03 қараша 2026 ж.

№82 газет

29 қазан 2026 ж.

№81 газет

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Ұлттық спорттың ұланы

Ұлттық спорттың ұланы

Жақында Ақтөбе қаласында асық ату спортынан өткен «Respublica» турнирінде сырдариялық спортшы Ғалымжан Сейілханов жүлделі ІІІ орынға ие болды. Ұлттық спортты ұлықтаған дүбірлі додада үздіктер қатарынан көрінген жерлесіміз аудан мерейін үстем етіп, 500 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болды.

Қуанышты жаңалықты спортшының жаттық­ты­рушысы Бауыржан Бакиров бізге сүйіншілей жеткізді. Шәкіртінің республикалық деңгейдегі жарыста жүлдегер атануы – бірнеше жылғы жаттығу мен табанды еңбектің нәтижесі. Асық ату – халқымыздың дәстүрлі ойыны және ептілік пен дәлдікті, сабыр мен шеберлікті талап ететін ұлттық спорт. Сондықтан осындай жарыстарда топ жару ұлттық мұрамызды дәріптеудің де жарқын көрінісі.

Ғалымжанның бұл жетістігі – Сырдария ауда­нындағы ұлттық спорттың дамуына қосылған үлес. Жаттықтырушы мен шәкірттің бірлесе атқарған еңбегі өз нәтижесін көрсетіп, аудан жұртшылығына қуаныш сыйлады.

– Ақтөбе қаласында өткен «Respublica» турнирінде жүлделі ІІІ орынға ие болу мен үшін үлкен қуаныш. Аталған жарыста әр қарсыласпен тартысты бәсекеге түсіп, өз шеберлігімді көрсетуге тырыстым. Жүлдеге қол жеткізуіме бағыт-бағдар беріп, үнемі қолдау көрсетіп жүрген жаттықтырушым Бауыржан Бакировтың еңбегі зор. Сол кісіге шын жүректен алғыс айтамын! Асық ату – халқымыздың қастерлі ұлттық ойыны. Осы спорт арқылы еліміздің намысын қорғап, туған ауданымның абыройын асқақтату мен үшін үлкен мәртебе. Алдағы уақытта да жаттығуды жалғастырып, бұдан да биік белесті бағындыруға күш саламын, – деді спортшы.

Ғалымжан Сейілханов – Сырдария спорт клубының маманы. Бұған дейін асық спортынан көптеген жетіс­тікке қол жеткізген. Иса Тоқтыбаев атындағы №35 мектеп-лицейдің түлегі талай белесті бағындыратынына сенеміз.


Б.ОРДАБЕКОВ
03 қараша 2026 ж. 72 0