Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » ЖЫР ТӨГЕМІН ЖҮРЕКТЕН

ЖЫР ТӨГЕМІН ЖҮРЕКТЕН


ҚР Конституция күніне орай кент мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Жыр төгемін жүректен» атты жас жазба ақындар мүшайрасы өткізілді. Ата Заңның аясында өткізілген жыр додасына кент пен ауылдардан талапкер ақындар белсене қатысып, патриоттық және еркін тақырыпқа арналған жырларын шабыттана оқыды.

Ақындар мүшайрасына ҚР Журналистер Одағының мүшесі Ш.Нұрсейітов, кент мәдениет үйінің әдіскері Ә.Тілеубергенова қазылық етті.

Сайыс қорытындысында Ата Заң мен туған жерді жалынды жырға қосқан сәкендік Бақтөре Айтбаев бас жүлдені жеңіп алды. Бірінші орынды болашағынан мол үміт күттіретін қоғалыкөлдік Әсел Зұлпар иеленді. Кент клубы атынан қатысқан Ақмарал Қадырханова екінші орынды жеңіп алды. Үшінші орынды Қалжан ахундық Інжу Дүйсенғалиева иемденді. Ал барлық қатысушыларға «Алғыс хат» табыс етілді.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
30 тамыз 2018 ж. 2 027 0