Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫНҒА ТҮСТІ

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫНҒА ТҮСТІ


Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай «Үздік әдіскер - 2018» облыстық әдіскерлер байқауы өтті.
Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан 12 әдіскер қатысып, байқаудың 4 шарты бойынша бақ сынады.
Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде – қызылордалық Ғабит Жалижанұлына бұйырды. Ол М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің әдіскері сондай-ақ, І орынды – Шиелі ауданына келген Н.Бекежанов ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Айшахан Молжігіт жеңіп алды. ІІ орынды – Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Бауыржан Ізмағанбетов пен аралдық Гүлжан Әйтімова алды. ІІІ орынды – Жалағаш ауданынан келген Гүлнұр Мырзалиева мен Қармақшы ауданы, Қызылтам ауылдық клубының әдіскері Айгүл Қосқожаева иеленді.
Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталса, өзге қатысушылар да Алғыс xаттармен марапатталып, ынталандыру сыйлықтарын алды.                                                                                                                 

21 маусым 2018 ж. 1 336 0