Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті

Облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті


Мәдениет және өнерді дамыту орталығында Астана қаласының 20 жылдығына және Қызылорда қаласының 200 жылдығына және Социалистік Еңбек Ері, ақын Ұзақ Еспановтың 90 жылдығына арналған «Жүрегім жыр құйды таңдайыма» атты облыстық жас жазба ақындар мүшәйрасы өтті.

 Облыстық жас жазба ақындар мүшәйрасын аудан әкімінің орынбасары Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлы ашып, жыр жампоздарына сәттілік тіледі. Шарада сондай-ақ, Еңбек Ері, ақын Ұзақ Еспановтың інісі Мырзағалиев  Болат сөз алып, арда азамат жайлы естеліктерімен бөлісті.  Мүшәйрада облыс аудандары мен Қызылорда қаласынан қатысқан 18 ақын Ұ.Еспановқа арнап жазылған «Арнау өлеңдерін» және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын, Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған жыр шумақтарын  оқыды. Ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Сыр бойы» газетінің аға тілшісі Ғ.Әбілда, ақын, сазгер, ұстаз, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі А.Орынбаева, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының бөлім меңгерушісі Г.Байзақова жас жазба ақындардың өнерін сараптап, жарыстың әділ төрелігін жасады. Нәтижесінде бас жүлдені Жалағаш ауданы, М.Шәменов ауылының жас ақыны Мырзалиева  Гүлнар иеленсе, І орынды жаңақорғандық Бижанов Нажан иеленді. Ал жүлделі ІІ орынды қызылордалық Асқар Әли, ІІІ орынды қазалылық Нұрболат Төреш пен Қызылорда қаласынан келген Бақытжан Әлішер өзара бөлісті. Жарыс жеңімпаздарына және қатысушыларға диплом, алғыс хат және қаржылай сыйлықтар табысталды. 
01 шілде 2018 ж. 1 699 0