Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

05 желтоқсан 2023 ж.

№95 газет

02 желтоқсан 2023 ж.

№94 газет

28 қараша 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » » АСТАНА – ЕЛІМНІҢ ЖҮРЕГІ

АСТАНА – ЕЛІМНІҢ ЖҮРЕГІ


Тұңғыш Президент күніне орай кент мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Елбасы – елінің тірегі, Астана – елімнің жүрегі» атты аймақтық патриоттық әндер орындаушылар байқауы өтті. Оған кент орталығынан және А.Тоқмағанбетов, С.Сейфуллин, Қалжан ахун ауылдарынан талапкерлер қатысып, патриоттық әндерді орындады. Байқауға қатысқан Ізімбет Аруна (С.Сейфуллин ауылы), Ибраева Әсел (А.Тоқмағанбетов ауылы), Сырғабаева Гүлжанат (Қалжан ахун ауылы), Ерікқызы Гүлдана (Сырдария аграрлы-техникалық колледжі) және Бекжүнісов Ербол (кент мәдениет үйі) мереке қарсаңында қазақтың рухты әндерін әуелете шырқап, көрермендердің қошеметіне бөленді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында өткізілген байқау шарты бойынша әр талапкер екі әннен орындады. Мұнда әнді нақышына келтіре орындаумен қатар, қатысушылардың сахналық мәдениеті басты назарда болды. Осының нәтижесінде «Қазақстан және «Өмір-өзен» әндерін әуелете шырқаған Сырғабаева Гүлжанат I орынды жеңіп алды. Ал «Туған өлке», «Елімнің бір еркесі мен боламын» әндерін орындаған Ибраева Асел II орынды иеленсе, «Отан Ана» және «Любовь похоже на сон» әндерін орындаған Бекжүнісов Ербол III орынға ие болды. Жеңімпаздар арнайы дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Сондай-ақ, байқауға қатысушылар «Алғыс хат» алды.

«ТТ»-ақпарат
05 желтоқсан 2017 ж. 2 294 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам