Президент жолдауы – ел дамуының маңызды бағдары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» тақырыбындағы халыққа арнаған Жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді талқылау мақсатында «Әбілпаттаев» бастауыш партия ұйымында жиналыс өтті.Жиналысқа «Құрмет» орденінің иегері, партия ардагері Балшекер Өтегенова, партия белсендісі, білім саласының өкілі Ерлан Әбілдаев, «Әбілпаттаев» БПҰ төрайымы Света Сақтапова қатысты.
Кездесуде «Құрмет» орденінің иегері, партия ардагері Балшекер Өтегенова, партия белсендісі, білім саласының өкілі Ерлан Әбілдаев сөз сөйлеп, Жолдау туралы пікір білдірді. Бастауыш партия ұйымының мүшелері де өз ойларын ортаға салып, Президент бастамаларын қолдайтынын жеткізді.









