Жолдау: тұрақты даму мен ұлттық бірліктің негізі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» тақырыбындағы халыққа арнаған Жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді талқылау мақсатында «Құндызды» бастауыш партия ұйымында жиналыс өтті.Жиналысқа «Құрмет» орденінің иегері, партия ардагері Балшекер Өтегенова, білім саласының өкілі Ерлан Әбілдаев, №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінің директоры Дархан Қожахметов қатысты.
Кездесуде «Құрмет» орденінің иегері, партия ардагері Балшекер Өтегенова, партия белсендісі, білім саласының өкілі Ерлан Әбілдаев, №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінің директоры Дархан Қожахметов сөз сөйлеп, Жолдау туралы пікір білдірді. Бастауыш партия ұйымының мүшелері де өз ойларын ортаға салып, Президент бастамаларын қолдайтынын жеткізді.










