Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бастауыш партия ұйымдарымен байланыс – нәтижелі жұмыстың негізі

Бастауыш партия ұйымдарымен байланыс – нәтижелі жұмыстың негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген басымдықтарды талқылау және олардың жергілікті деңгейде жүзеге асырылу барысын саралау мақсатында партия филиалы жанындағы «Әкімдік» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өтті.

Жиын барысында ел дамуының өзекті мәселелері, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, әлеуметтік мәселелерді шешу және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағыттары сөз болды.

Кездесуге қатысушылар Жолдауда көтерілген міндеттердің әр саладағы маңызына тоқталып, оларды орындау барысында туындайтын мәселелер мен алдағы жұмыс жоспарлары жөнінде пікір алмасты. Әсіресе, мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайту, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел назар аудару мәселелеріне басымдық берілді.

Сонымен қатар бастауыш партия ұйымының қызметін жандандыру, партия мүшелерінің қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуы және жергілікті тұрғындармен кері байланысты күшейту жөнінде ұсыныстар айтылды.

Кездесу соңында қатысушылар Жолдауда айқындалған міндеттерді іске асыруда әрбір сала өкілінің жауапкершілігі маңызды екенін атап өтіп, алдағы уақытта да өзара ынтымақтастық аясында жұмыстарды жалғастыруға уағдаласты.
12 қараша 2026 ж. 20 0