Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » » Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат» атты іс-шара өтті

Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат» атты іс-шара өтті

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында ауданымызда «Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат» атты шара ұйымдастырылды. Тағылымды шараға ауданымыздың бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысып, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраның маңызы туралы ой-пікірлерін ортаға салды.

Көрме барысында халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан өнері мен қолөнер туындылары көпшілік назарына ұсынылып, ұлттық салт-дәстүрді сақтау мен оны кейінгі ұрпаққа аманат ету – баршамыздың ортақ парызымыз екені айтылды.

Сонымен қатар жиын барысында жуырда өткен республикалық жалпыұлттық референдум аясында өңірімізде атқарылған жұмыстар да сөз болды. Сырдария ауданының Құрметті азаматы Ұ.Жаналиева өз сөзінде референдумның Сыр өңірінде, оның ішінде ауданымызда жоғары деңгейде, ұйымшылдықпен өткенін атап өтіп, ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің маңыздылығына тоқталды.


Мұндай мазмұнды кездесулер ұлттық рухты жаңғыртып, мәдени құндылықтарды дәріптеуге және қоғамдағы бірлікті нығайтуға өз үлесін қосатыны сөзсіз.

16 наурыз 2026 ж. 323 0