Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы
Ұрпақ болашағы-ұлт болашағы. Ендеше, қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат-мұраттардың ең бастысы-өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпаққа мұра етіп қалдыру. Себебі, ұрпақтың рухани-адамгершілік әлеуеті оның келешегін берік ететін бірден бір қағидат болып саналады. Ұрпағымыздың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіне ұстаздардың орны ерекше. Осындай тәрбиелік мәні бар шара бүгін біздің ауданымызда көрініс тапты.
Ағымдағы жылдың 17 мамыр күні аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында №129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицей базасында «Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы» тақырыбында эстетикалық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандық фестиваль өтті.
Ата-баба аманат еткен бұл құндылықтарды ұрпақтың қадірлеп қастерлей білуі-ұлт болашағының басты шарты. Аталған шараға облыстық білім саласы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Б.Суюбаева, аудандық білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Г.Абилова, аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің әдіскері Ж.Бағдатқызы, «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Б.Ордабеков қатысты. Фестиваль барысында: ұмыт болған тағамдар, ертедегі салт-дәстүрдің бірі-азан шақыру, ұлттық ойындар, технология пәні мұғалімдерінің қолөнер көрмесі, ауданымыздың белгілі қолөнер шебері Ж.Махамбетов ағайдың технология пәні ер мұғалімдеріне арналған шебер-сыныбы, №137 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, қолөнер шебері С.Баймбетованың және №129 мектеп-лицейдің технология пәнінің мұғалімі, қолөнер шебері С.Ермекованың ұлттық киім туындылары көрсетілді. Осындай игі шаралар арқылы халықтың тәрбиедегі, салт-санадағы, жол-жоралғыдағы ғұрыптық дәстүрдегі тәлімдерді біліп және сақтап, қазіргі кимелеп тұрған жат-жұрттық көріністен өз асылымызды қорғап қана ұлттық салт-сананы бойымызға сіңіреміз.