Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Еуроодақ делегациясына ұлттық дәстүр мен мәдени мұра таныстырылды

Еуроодақ делегациясына ұлттық дәстүр мен мәдени мұра таныстырылды

Жұмыс сапары аясында шетелдік делегация этноауылда ұйымдастырылған мазмұнды мәдени шараға қатысып, қазақ халқының салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарын танытатын арнайы бағдарламаға куә болды.


Қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары мен дәстүрлі өнімдері тарту етіліп, ұлттық әндер шырқалып, қонақжайлық дәстүрі кеңінен насихатталды. Сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлердің өнімдері көрмеге қойылып, олардың өндірістік әлеуеті мен сапалық ерекшеліктері таныстырылды.Этноауыл аумағында тігілген киіз үйде қазақтың көне салт-дәстүрлерінің бірі – «Тұсау кесер» рәсімі сахналанды. Бұл тағылымды дәстүрді «Ақ әжелер» ансамблі көпшілік назарына ұсынды.Мәдени шара барысында этноауыл төрінде алтыбақан құрылып, қазақ жастарының ойын-сауық дәстүрі дәріптелді. Қонақтар ұлттық ойындардың мазмұнымен танысып, қазақ халқының өмір салты мен дүниетанымын айшықтайтын көріністерді тамашалады.Аталған мәдени бағдарлама ауыл өмірінің тыныс-тіршілігін, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлердің сақталуы мен жаңғыруын айшықтап, қонақтарға қазақ халқының болмысын кеңінен таныстыруға мүмкіндік берді.Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі






22 ақпан 2026 ж. 32 0