ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ
Болашағын бүгіннен бастаған №191 орта мектеп оқушылары Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына орай мектепшілік жайдарман ойынын өткізді. Жайдарманшылардың мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған білім бәсекесін арттыру, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру болды. «Көп күлкісі күнненде жылы» деген ұлы сөзді ұстанған 5-9 сынып аралығындағы оқушылар жайдарман ойынына белсене қатысты. Сонымен сахна қонақтары бастауыш сынып түлектері өздерінің әзіл-қалжыңымен жиналған қауымды күлкіге қандырып, аға-әпкелеріне сәттілік тіледі. Жайдарман екі турдан тұрды. Сәлемдесу және әзіл әлемі. Жайдарманшылар мектептегі және ендігі болып жатқан жәйттарды әдемі әзілдерімен, үйлескен қалжыңдарымен көрсете білді. Жайдарман соңында әділ – қазылар алқасының төрайымы Сағындықова Марал апай өзінің ой пікірін білдіре отырып әр жайдарманшылар командасының кемшін тұстарын және мектеп өміріне сай айтылған тұщымды әзілдерін атап көрсетіп, жайдарманға оң бағасын берді, мүшелері Тәуекелова Раушан апай, аудандық жайдарман ойынның қатысушысы 10 сынып оқушысы Шыңғысбекұлы Азат әділ бағасын берді. Сайыс соңында жайдарман кубогін, яғни бас жүлдені 8 сыныптың «Жас қыран» командасы алса, І орынды 6 сыныптың «Жас буын», ІІ орынды 5 сыныптың «Томпақтар», ІІІ орынды 9 сыныптың «Friеnds» командалары алып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Біз болашақ елдің жастарымыз. Алдағы уақытта Елбасымыздың көрегенді саясатын жаңғыртуға ат салысатынымызға зор сенімдемін. Оған мектеп ұстаздары оқушылармен атсалысады. Фестивальді ұйымдастырған музыка пәнінің мұғалімі А.Сәрсенбаеваға алғысымыз көп, ол өз бастамасымен өнерлі оқушыларды іс-шараға тартып, танымдық кештер өткізуде. Белсенді жастар әрдайым өнегелі тәрбиенің үлесін көрсете білмек.
О.Жолдасбекұлы
Іңкәрдария ауылы