Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Көркем сөз шеберлері биіктен көрінді

Көркем сөз шеберлері биіктен көрінді

Жыл басынан бері Алаш қозғалысы­ның қайраткері, ақын, қазақ әдебие­тінің көр­некті өкі­лі Мағжан Жұмабаев­тың туға­нына 130 жыл толуына орай ауқымды іс-ша­ралар жүзеге асуда. Өз кезегінде ау­дандық мәдениет және спорт бөлімі және Нағи Ілиясов ауылдық округі әкім­шілігінің қол­да­уымен, ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен атаулы күнге арнал­ған «Алаштың сөн­бес жұлдызы» тақы­рыбында аудандық көркемсөз оқу ше­бер­лерінің байқауы өткізілді.

Ауданға қарасты Тереңөзек кенті мен бірнеше елді мекеннен келген 11 қатысушы байқауда бақ сынады. Көр­кемсөз оқу шеберлері бірінші кезең­де ақын Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ал екінші кезеңде сан алуан ақынның туған жер туралы жаз­ған туындысын көпшілік назарына ұсынды. Өнерлі өрендердің шығармашылық әле­­­уетін аудандық «Тіршілік тынысы» га­зетінің тілшісі Балтабай Ордабеков,­ ауылдық мәдениет үйінің ардагері Кү­лаш Құдабаева, №132 Т.Айтбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әде­биеті пәнінің мұғалімі, «Мектеп және театр» жобасының жетекшісі Салтанат Кенебаева саралап, қазылық етті.

– Шын мәнінде, тарихта есімі мәң­гі сақталатын қазақтың біртуар тұлға­лары жетерлік. Қазақ жастарының бо­ла­шағына сеніп, руханиятты өркен­детуге зор үлес қосқан Мағжан Жұ­ма­баев есімі барынша ұлықталғанына бек қуаныштымын. Жас ұрпақтың сана­сына ақынның өлеңдерін сіңіріп, келешек әдебиеттің шын жанашырларын тәрбиелеуіміз керек. Біз талантты бала­лардың өнерін, қабілетін шыңдап, нағыз майталманға айналдырғанымыз дұрыс. Бұл ретте, байқауға қатысқан көркемсөз оқу ше­берлері өз деңгейінде өнер көр­сетіп шықты, – деді Нағи Ілиясов ауылдық ардагерлер кеңесінің төраға­сы Төребек Жұмабеков.

Байқау қорытындысында бас жүлдені жетікөлдік Бақдәулет Нақыпбек, І орынды қоғалыкөлдік Тоғжан Жүнісқызы, ІІ орынды шіркейлілік Бегімай Рүстемова, ІІІ орынды ақжармалық Ақмаржан Нұр­болатқызы еншіледі. Барлық байқау жүл­дегері мен қатысушыға дип­­лом, Алғыс хат және қаржылай сый­лық табыс­талды.


Аружан Амантай,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің журналистика
мамандығының 3 курс студенті
27 мамыр 2023 ж. 348 0