Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Апта ағымындааудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің және Іңкәрдария ауылдық округі әкімі аппаратының қолдауымен, ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» тақырыбында аудандық онлайн көркемсөз оқу шеберлері байқауы өткізілді. Байқауға ауданға қарасты кент және елді мекендерден көркемсөз оқу шеберлері қатысты.

Іс-шара барысында Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен ақын поэзиясының азаматтық пен адамгершіліктің симфониясының айнасы екендігі, шындық пен ақиқат жеңісі үшін күрескен жүрегінің жанталас үні жас буынға кеңінен насихатталды. Поэзия Хантәңірінің лирикалық өлеңдерін байқау қатысушылары мәнерлеп оқыды. Онлайн форматта өткізілген байқауға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Е.Өтебаев және бөлім әдіскері Г.Жалғасова және Іңкәрдария ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Д.Бисенов қазылық етті.

– Қазақ поэзиясында Мұқағали Мақатаевтың орны ерекше. Ақынның өлеңдерін барлық буын өкілі ерекше жатқа оқиды. Жүрек түкперінен орын алған мұзбалақтың лирикалық өлеңің өнерпаздар ерекше тебірініспен жеткізді. Алдағы уақытта мұндай танымдық іс-шаралар өткізілетін болады, – дейді ауылдық клуб үйініңәдіскері Ә.Жұмабекова

Байқау нәтижесінде, І орынды айдарлылық Жанарыс Бегімбай, ІІ орынды аудандық мәдениет үйінен қатысқан Еңлік Ибрагим, ІІІ орынды іңкәрдариялық Сымбат Маратқызы мен тереңөзектік Айкөркем Ғалым иеленді. Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы дип­лом мен бағалы сыйлық табысталды.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 
20 ақпан 2021 ж. 604 0