Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазақ поэзиясының ұстыны

Қазақ поэзиясының ұстыны

Жастарға зор сенім артқан ақын Мағжан Жұмабаевтың ту­ғанына 130 жыл ­толуына орай, қалам­гердің мерейтойы бірнеше ауқымды іс-шарамен есте қалуда. Өткен аптада Айдарлы ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен «Мен жастарға сене­мін» атты аудандық жазба ақындар мү­шәйрасы өткізілді.

Аудандық мүшәйраның шымыл­дығы Мағжан Жұмабаевтың өмі­­­рі мен шығармашылығына арнал­ған прологпен түрілді. Алаш қоз­­­­­­ға­­­­лы­­­­­сының қайраткері 1893 жы­лы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келгенін айта ке­тейік. Аудандық мүшәйраға үл­кен да­йын­­дық­­пен келген «ауы­­­зы­­мен құс тістеген» арқалы ақындар ал­ғашқы ке­зеңде қазақ әдебиетінің жарқын жұл­дызының есімін жыр­­­­ға қосты. Алаш қозғалысы қайрат­керінің өмі­рін өлең­мен өрнектеген жас ақын­дар тақырыпты аша біл­ді. Өз кезегінде жас ақындар мү­шәйраның талабы бойынша еркін тақырыпта өлең оқыды. Олардың шығармашылық әле­уетіне Сырдария ауданының Құрметті азаматы, ақын Қалдыбек Айтбаев, кітапхана саласының арда­гері Гүлдана Андасбаева, аудандық мәдениет үйі жанындағы мәдени де­малыс кеше­нінің меңгерушісі На­ғи­ма Бекшаева әділ бағасын берді.

– Қазақтың әрбір жасы М.Жұма­баевтың өлеңдерін жатқа оқуға тиіс. Жүректерге патриоттық сезім ұяла­та­­тын оның рухты өлеңдері ұлттық идеологияны айшықтайды. Осыдан 130 жыл бұрын дүние дидарын ашқан ақынның ғұмыры сер­гелдеңге толы болды. Жылдар бо­йы рухани құндылықты дәріптеуге барын салды. Ақын өлеңнен бөлек, публицистикалық мақалалары ар­­­­­­­­­­­қы­­­­лы қазақылықтан айнымауды, елдік мүддені жоғары қоюды не­гіз­­гі ны­санасына алды. Бүгінгі мүшәй­рада ақынның өмір жолы мен шығар­машылығы толықтай қам­тылды деп ойлаймын, – деді Айдарлы ауыл­дық әкімдігінің бас маманы Ережеп Есенкелді.

Аудандық мүшәйраның қоры­тын­­­дысы бойынша бас жүлдені нағилық Көркем Төлебай, І орынды тереңөзектік Ербол Сағынбайұлы, ІІ орынды шағандық Ақерке Балма­нова, айдарлылық Арайлым Ерім­ханова еншіледі. Жеңімпаз бен жүл­дегерге арнайы диплом мен бағалы сыйлық табысталды. Тағы­лымды іс-шарада «Сұлу-ай» шығар­машылық өнер орталығының өнер­паздары өнер көрсетті.


Балтабай ОРДАБЕКОВ
03 мамыр 2023 ж. 254 0