Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨРКЕМСӨЗ ШЕБЕРЛЕРІ

КӨРКЕМСӨЗ ШЕБЕРЛЕРІ


Жақында аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Мағжанды оқысаң, сөз маржанын тергенің» атты оқушылар арасында  көркемсөз оқу шеберлері сайысы өткізілді.

Сайысты өткізудегі мақсат жастарды қазақ халқының дарынды ақыны М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстырып, өлеңдерін мәнерлеп оқуға бейімдеу, шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Сайыс негізінен 4 кезеңнен тұрды. Ақын өлеңдерін жатқа айтып, өз шығармашылығынан және ақындардың арнау өлеңдерін көрерменге жеткізе білген жастарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.
Шара соңында«Мағжан Жұмабаев – қазақ поэзиясының жарық жұлдызы» атты тақырыпта кең көлемді кітап көрмесітаныстырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.
А.ҚАЛИЕВА
06 наурыз 2018 ж. 1 403 0