Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тылсымнан туған құдірет

Тылсымнан туған құдірет

Аудандық тарихи-өлке­та­ну музейі­нің «Еңбек даң­­қы» залында рухани құн­дылықтың айнымас­ бөлігі саналатын қол­өнердің озық үлгісіне тереңнен қанықтық. Саналы ғұ­мырын ағаштан тү­йін түю­ге арнаған ҚР Журналистер және Су­рет­­шілер Одағының мү­шесі, Сырдария ауда­ны­­ның Құрметті азама­ты, қолөнер шебері Жәні­бек Махан­беттің «Жоң­қаға жан бітір­ген...» тақырыбында ­шы­ғар­­машылық көр­­ме­сі өткізілді.

Тағылымы мол іс-шараны ау­дандық мәдениет және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Же­ңіс­бек Төрәлиев ашып, ар­дақты азаматтың еңбегін саралай түсті.

– Жылдар бойы ағашты жа­нына серік етіп, алуан-алуан ерекше бұйым жасап шы­ғар­ған Жәнібек ағамыздың мәде­ниет саласында алатын ор­ны айрықша. Адамның ойына ке­ле бермейтін сан түрлі оның бұйымы көз­дің жа­уын алады. Орасан еңбектің арқасында зор жетістікке қол жеткізе білген мәдениет майталманы бар құрметке лайық. Тынымсыз еңбектің лайықты бағасын көпшілік беретіні сөзсіз. Ерік-жігерді қажет ете­тін ағаштан бұйым жасау өне­рін республика көлемінде та­нытқан өнер иесіне шалқар ша­быт тілеймін. Біз өнер адам­дарын, шығар­машылық ба­ғыт­та тынбай іздене білетін мә­дениет саласының мамандарын әркез қолдауға да­­йынбыз, – деген Жеңісбек Үсенұлы кеш иесіне аудан әкімі Берік Сәрменбаевтің алғыс хатын табыстады.

Кеш барысында қолөнер ше­берінің қолынан шық­қан ағаш бұйымдарын көпшілік та­машалады. Әрбір бұйым­ның жасалу барысы мен технологиясын түсін­дірген Жәнібек Маханбет жиналған қауымға ризашы­лы­ғын білдірді.

– Адамзат табиғатпен тығыз байланыста болған. Мысалы, ағаш жайқалып өсіп тұрғанда айналаға таза ауа бөліп, көлеңке сыйлап қана қоймай, тұрмыстық бұйымды жасауға септігі зор. Бүгінде тұрмыстық қа­жеттілікті өтейтін және қазақ өнерін айшықтайтын ағаш бұйымын жасауға асқан ыждағаттылық керек. Ұқыптылықпен жасалатын әрбір бұйымның өз тарихы бар. Шығармашылық адамы үнемі ой үстінде жүреді. Әркез өз ісіммен мақтана аламын. Артымнан ерген жас буынға үлгі боларлық із қалдыра білсем, бақыттымын. Осыған дейін білім және мәдениет саласында жүріп, қажырлы еңбек ете білдім. Ауданның абыройын биіктеткен ел азаматтарымен қызметтес болып, зор тәжірибе жинақтадым. Кешіме келіп, қуанышыма ортақтасқан баршаңызға алғыс айтамын. Қашанда ұлттық өнердің мән-мағынасын ай­шықтау арқылы ағаштан түйін түймекпін. Себебі, құнды жәдігерлерім менің ғана емес, халықтың қа­зынасы саналмақ, – деді Жәнібек Маханбет.

Өз кезегінде аудандық мәслихат депутаты Алмас Есназар, мәдениет саласының ардагері Алма Бақтиярова, аудандық ардагерлер кеңесінің төр­ағасы Мұса Келдібаев, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Ұлмекен Жанәлиева, мәдениет саласының майталманы Сансызбай Сәдуақасұлы, мүсінші Жәр­кен Исмағұлов, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Салтанат Қуандықова, №135 Асқар Тоқ­мағамбетов атындағы орта мектеп директоры Нұрлан Құрманалиев жылы лебездерін білдірді. Жас айтыс­кер ақын Мұхамеджан Мансұров қолөнер шеберінің құрметіне арнау өлең айтты. Жеке кәсіпкер Азамат Сқақов атынан Жәнібек Асанұлына бағалы сыйлық табысталды.

Балтабай ОРДАБЕКОВ

29 сәуір 2023 ж. 371 0