Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Масаң күйде көлік басқарған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Масаң күйде көлік басқарған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қазіргі қоғамда қызу пікір талас тудыратын өзекті мәселелердің бірі – ол жүргізушілердің мас күйінде көлік құралын жүргізу болып табылады.

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлімен Ә.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат Ә. өз басқаруындағы «Тойота камри» маркалы көлік құралын Қызылорда Шымкент тас жолы бойында алкогольдік масаң күйде басқарған.

Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған түсінігімен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен дәлелденген.

Сот қаулысымен Ә. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сурет: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ



Сырдария ауднадық соты
01 қараша 2026 ж. 52 0