Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жақсы кітап – жан азығы

Жақсы кітап – жан азығы

Аудандық кітапханада «Кітап – руха­ният­тың қай­нар бұлағы» тақырыбында рухани-танымдық кеш ұйымдас­тырылды. Тағылымы мол іс-шара «23 сәуір – дүние­жүзілік кітап және авторлық құқықты қор­ғау күні» аясында өткізілді. Оған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлі­мі­нің басшысы Жеңіс Төрәлиев, «Ama­nat» партиясының кеңесшісі Берік Ахметов, аудармашы Бақтияр Мырзаш жә­не ұстаздар мен кітапханашылар қатысты.

Көпшілікке рухани азық сыйлаған кешті ашқан ау­дандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеңіс Төрәлиев айтулы күнмен құттықтады.

– Қазақта «Жақсы кітап – жан азығы» деген мақал бар. Адамзат баласы қанша ғасыр бойы кітаптан қол үзген емес. Ақын-жазушылар, ғалымдар, белгілі бір саладағы тұлғалар сан түрлі еңбектерді жарыққа шы­ғарды. Осы күнге дейін білім мен ілімді, ғылымды, инновация үдерістерін меңгеру үшін адам кітапты жан се­рігіне айналдырды. Жалпы қазақ тілінде кітап шығару ісі 1800 жылдан бері жалғасып келе жатыр. Алғаш Казан қаласында бастау алған баспа жұмысы жылдар бойы жанданып келеді. Бұл ретте оқырманға қауымға кітаптармен қамтамасыз етіп отырған іргелі ұжымды ме­рекемен құттықтаймын, – деді бөлім басшысы.

Өз кезегінде аудандық кітапхана ұжымы тұңғыш жарық көрген кітаптар тарихын зерделеген. Сонымен бірге кітапханашы Ләззат Серікбаева мерекеге арналған өлең оқыды. «Amanat» партиясының кеңесшісі Берік Ахметов, аудармашы Бақтияр Мырзаш кітап оқу және әдеби құндылықтар, ғылыми еңбектер жайлы ойын ортаға салды. Кітапхана қызметкерлері «Әлем әдеби классикаларының ұлы суреткерлері»,«Тарихи тұлғалар тағылымы», «Бабадан қалған байлығым», «Жетістікке жетелейтін кітаптар» атты бөлімдерден тұратын кітап көрмелерін таныстырды.

Танымдық кеш балалар кітапханасында жалғасын тапты. Кішкентай оқырмандар интеллектуалдық сайыс­та бақ сынады. Олар жергілікті балалар жазушысы Танаш Дәуренбековтің «Кітаптар мұңы» шығармасын қойы­лым ретінде қойды.





Балтабай АЯБЕКҰЛЫ
26 сәуір 2022 ж. 833 0