Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» атанды

«Қазақстанның құрметті кітапханашысы» атанды

Мәдениет және өнер қызмет­керлері күніне орай Сырдария ау­дандық мәдениет және тіл­дерді дамыту бөлімінің басшысы Жеңіс Төрәлиев аудан руханияты мен рухани байлығын көтеруге үлес қосып жүрген кітапхана қыз­мет­керлеріне құрмет көрсетті.

Бөлім басшысы апта басында «Сырдария аудан­дық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің кітапханашыларын арнайы қабылдап, саланың дамуына өзіндік үлес қосып, саналы ғұмырын кітапхана ісіне арнаған орталық дирек­торы Г.Нұржакиева мен әдістемелік бөлімнің меңгерушісі И.Қартбаеваны «Қазақстанның құр­мет­ті кітапханашысы» төсбелгісімен марапаттады. Осы күнге дейін абырой мен тәртіпке негіздеп еңбек етіп келе жатқан орталық қызметкерлері біліктілік пен тәжірибе арқасында кітапхана жұ­мысын жоғары дәрежеде ұйымдастырып жүр.

Гүлстан Нұржакиева отыз жылға жуық кітапха­на саласындағы қызметін жауапкершілікпен, абыроймен атқарып келеді. Кітапхана ауданымыздың қоғамдық-саяси, рухани-мәдени салаларын дамыту жолында айтулы қызмет етіп, оқырман қауымның сұранысын ұдайы қанағаттандырып отырады. Со­ның нәтижесінде, кітапханашылар тек аудан, об­лыс­тың көлемінде ғана емес, республикалық дә­режеде үздік, озық атанып, абырой биігінен көрінді.
Сонымен қатар аудандық балалар кітапхана­сының меңгерушісі Г.Әбенова облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана басшысы Н.Мыңжастың алғыс хатымен марапатталды.

Марапаттарды табыстап, ықыласын білдірген мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы кітапханашылар алдағы уақытта да білімі мен білігін, мол тәжірибесін кітап­хана саласын дамытуға жұмсай беретініне сенім білдірді.

Өз кезегінде сөз алған кітапхана ұжымы адал еңбектерін елеп, марапат ұсынған басшы­лыққа алғыстарын білдірді. Жиын соңында кітап­­ханашылар марапат алған ұжымдастарын құттық­тап, гүл шоқтарын ұсынды.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
29 мамыр 2021 ж. 721 0