Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Заң мен тәртіп»: Нашақорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет

«Заң мен тәртіп»: Нашақорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Сырдария аудандық ауруханасының мамандары нашақорлық пен есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында мектеп оқушылары мен ата-аналар арасында кешенді түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың зиянды әдеттерге бой алдыруына жол бермеу, есірткінің адам денсаулығы мен болашағына тигізетін зардаптарын түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Кездесу барысында наркология саласының мамандары нашақорлықтың зардаптары, есірткіге тәуелділіктің алдын алу жолдары, оның адам ағзасына және психологиялық жағдайына кері әсері туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар оқушылар мен ата-аналарға есірткіден аулақ болу, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау жөнінде кеңестер берілді.

Мамандар жасөспірімдер тәрбиесінде ата-ананың рөлі ерекше екенін атап өтіп, бала мінез-құлқындағы өзгерістерге бейжай қарамауға, жас ұрпақпен ашық әңгіме жүргізіп, олардың өміріне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығына тоқталды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру ортығының мамандары көпшілікке ақпарат берді.

Нашақорлықтың алдын алу – тек медицина қызметкерлерінің емес, ата-ана мен қоғамның ортақ міндеті. Өйткені есірткісіз болашақ қалыптастыру әрбір азаматтың саналы әрекеті мен жауапкершілігінен басталады.



Сырдария аудандық ауруханасының баспасөз қызметі
02 қараша 2026 ж. 71 0