Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазақтың келіндері-ай

Қазақтың келіндері-ай

Әдемі де әдепті, ибалы да инабатты келіндер – салт-дәстүрдің ұлықтаушысы әрі ұлттың ұйытқысы. Дана халқымызда «Келіні жақсы үйдің – керегесі алтын» деген тәмсіл бар. Жуырда саусақтары майысқан шебер, мінезі ұяң, жүрегінен ән, жүріс-тұрысынан ибалық ескен тәрбиелі қазақтың келіндері сайысқа түсті.

Байқауды Аманкелді ауылдық мә­дениет үйі ұйымдастырды. Ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрд­і наси­хаттауға арнал­ған сайыс мәдениет үйінің фойесінде ұйым­дас­ты­рылған талапкер келін­дердің қолөнер бұ­йым­дарының көр­месі­мен танысуы­­мен басталды. Көрмеге келіндер әзір­леген ұлттық тағамдары да қойы­лып, оның аталуы, қалай, неден­ жасалғаны түсін­дірілді.

Сан ғасырдан бері сақтаған салт-дәстүрдің көрінісін көрсетіп, елдің ынтымағы мен бірлігін дәріп­теген ке­ліндер сахна төріне шықты. Кент және ауылдық округтерден байқауға келген 8 келін үш кезең бойынша сынға түсті.

«Сәлем – сөздің анасы» кезеңінде талапкерлер өздерін таныстырса, «Өне­рімен тамсандырған» кезеңін­де та­лапкерлердің өнері тамашаланды. Соңында қазылар алқасы «Ше­бер қолдар» көрмесіне баға берді.

Бар өнерін ортаға салып, бір-бірінен асып түскен жас келіндерге ардагер-ұстаз Шолпан Бошаева, ау­дандық мәдениет үйінің жыл­жы­малы демалыс кешенінің мең­ге­ру­шісі Нағима Бекшаева, «Жадыра» халықтық әжелер ансамблінің мүше­сі Сапаркүл Есмағанбетова қазылық жасады.

Байқау қорытындысында бас ­жүл­­­­­­дені аманкелділік келін Аружан Се­рік­қызы жеңіп алды. Жүл­­делі бірінші орынды Айдарлы ауы­лынан қа­тыс­қан келін Оразкүл Мырзағали­қы­зы иеленді. Екінші орынға аудандық мәдениет үйінің намысын қорғаған Ақтоты Темірханқызы ла­й­ық деп танылды. Ал екі үшінші орынды ша­ғандық Жұлдызай Әбуталі­­п­ова мен ақжармалық Ақнұр Ноғаева өза­ра бөлісті. Барлық қатысу­шыларға дип­лом, «Алғыс хат» пен ақшалай сый­лық берілді.

Байқауда барысында жұртшылық ауыл көркемөнер­паз­да­рының кон­цер­тін тамашалады.

Бибісара ТАҢАТАРҚЫЗЫ
29 қазан 2022 ж. 733 0