"Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай!" атты байқау өтті
Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі қолдауымен "Сұңқар" Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытында шаралар ұйымдастыру" қызметінің жобасы аясында "Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай!" атты аудандық онлайн келіндер байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты: Келіндердің қазаққа тән ибалылық, нәзіктік, инабаттылық қасиеттерін байқау. Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты келіннің орнының ерекше екендігін, отбасының ұйытқысы екендігін ұғындыру, келіндердің жаңа қырларынан танылуға ықпал ету, байқауға қатысушылардың рухани-мәдени деңгейін көтеріп, өмірлеріне жаңалық енгізу, ой ұшқырларын және талғампаздық пен жасампаздық қасиеттерін жетілдіру, халыққа насихаттау. Келінге және болашақ анаға деген сыйластықты ояту, ананың өмірге деген маңыздылығын ұғындыру.
Байқауға кент және ауылдық округтерден 18-29 жас аралығындағы жас келіндеріміз қатысып, 3 кезең бойынша өз өнерлерін көрсетті.
Талапкерлер "Сәлем-сөздің анасы" атты I-кезең бойынша өздерін арнайы дайындалған бейнеролик арқылы таныстырса, "Өнерлі өрге жүзер!" атты II-кезеңде өнерлерін ортаға салды. "Шебер қолдар" атты III-кезеңде әр талапкер байқауға өз қолынан жасаған бұйымдарын ұсынды.
Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен жүлделі I-орынмен Айдарлы ауылынан Нұрила Күмісбай, екінші орынмен Бесарық ауылынан Сабырова, үшінші орымен Н.Ілиясов ауылынан Аружан Әлішерова марапатталды.

Байқауға қатысушы жеңімпаздарынааудандық мәдениет үйінде "Сұңқар" Қоғамдық қоры тарапынан қаржылай сыйлық пен диплом, 7 жас келіндерге ынталандыру сыйлықтары табысталып, алғыс хат берілді.