Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Отбасы - бақыт мекені

Отбасы - бақыт мекені

Бесарық ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай "Отбасы - бақыт мекені" атты өнерлі отбасылардың концерттік бағдарламасы өткізілді.

Отбасы - адамзаттың алтын ұясы. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.

Шараға қатысқан Остаевтар отбасы, Нұрғалиевтер отбасы, Баймановтар отбасы, Әуезовтер отбасы, Жүнісбаевтар отбасы, Өтеповтер отбасылары кішкентай бүлдіршіндерімен өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар зейнеткерлік жасқа жетсе де түрлі аспаптарын жанынан тастамаған Бажиев Асқар әкеміз өз өнерімен елді сүйсіндірді. Әрбір отбасына береке мен бірлік, ортаймас бақыт тілейміз.
14 қыркүйек 2022 ж. 564 0