Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ауыл өнерпаздарының концерті

Ауыл өнерпаздарының концерті

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдар­ламасы мен «Балалар жылы» аясында ау­­дандық мәдениет үйін­де Қалжан ахун ауылы көр­кемөнерпаздарының «Өнерпаз болсаң арқалаң» атты өнер фестивалі өтті.

Өнер фестивалінің шымылдығын «Наз­­­керім» бишілер тобының орында­уын­­дағы қазақ биі ашты. Қасиетті Қал­жан ахун ауылы туралы сыр шерткен бей­небаянды тамашалаған көрермен қа­уым ауыл тарихымен таныс­ты.

Ауыл іргесіндегі Қалжан ахун мешіті дін қайраткері, ғұлама ұстаз Қалжан ахун Бөлекбайұлының бастамасымен 1902 жы­лы бой көтеріп, құрылысы 1916 жылы аяқталған. Ауыл тарихы 1930 жылдан бас­тау алады. Бас кезінде «Бостандық жол» деп құрылып, «Үлгі», «Еңбек», «Қы­зылдихан», «Амангелді», «Сталин» атын­дағы колхоз, «Шолақарық» атанды. 1937 жылы «Чапаев» атындағы колхоз болып құрылды. 1950 жылы колхоздар қосылып, «Амангелді» атындағы колхоз болды.
1963 жылы «Ленин», «Қызылдихан» колхозы «Партияның ХХІ съезді» атын­дағы совхоз болып аталды. 1993 жылы Оспан Мәлібаев атындағы кеңшар, 1997 жылы Қалжан ахун ауылы атындағы елді мекен. Қазіргі таңда ауылда 1130 халық түтін түтетіп отыр.

Іргелі ауылда дәулеті тасқан, еңбегі ұшан-теңіз майталман диқандар ең­бек­ етеді. «БАҚ», «Нұрбек», «Бекпенбет» шаруа қожалықтары ауыл тұрғын­дарының ырзық-несібесін арттыруда. Да­­­ла батырларының арқасында тау-тау кү­­ріш салысы дайындалып, жыл сайын қам­баға астық құйылуда.

Қалжан ахун ауылында 250 орындық №126 орта мектеп, 75 орындық «Гүлдер» бөбекжай балабақшасы, 21495 кітап қо­ры бар кітапхана, фельдшерлік акушерлік бекет халыққа қызмет жасайды.

Ауылдағы мәдениет ошағы 1993 жы­лы салынып, пайдалануға берілді. 2014 жы­лы «Қалжан ахун ауылдық округі әкі­мі аппаратының Қалжан ахун ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қа­зы­налық кәсіпорны болып қайта құ­рыл­ды. Клубта 8 штат бірлікпен 9 қызметкер халыққа мәдени қызмет көрсетіп келеді. Клуб жанынан құрылған 5 үйірме ән, би, көркемсөз, сурет, «Ақ әже­лер» ансамблі жұмыс жасайды. Оған 56 өнерпаз тар­тылған. Киелі ауыл­дан шыққан «Әзіл әлемі» театрының әртісі Қанат Әлжап­паров елге танылды. Көрермен көзайы­мына айналған өнерпазды ауыл халқы мақтаныш етеді.

Мерекелік концертті Нұрбибі Сұлтан­бекова мен Нұрай Орынтаева жергілікті ақын Самат Жұмаділдің сөзіне, Мұстафа Мамытовтың әніне жазылған «Ауылым» әнімен ашты. «Өнерге әркімнің де бар таласы» деп дана ақын Абай Құнан­байұлы жырлағандай өнер көшін келешекпен ұштастыратын бүлдір­шіндер «Аспаптар» әнін орындап, көрер­мен­дердің көзаймына айналды. Сонан соң әншілер тобы А.Серікбол, Ә.Қы­дыр­бай, А.Серікбайқызы, А.Қасым­хан, Ж.Ма­ханбет «Қазақстан» әнін шыр­қаса, «Наз­­керім» бишілер тобы «Павлин­дер» биін билеп, әсем өнерімен айналаны қуа­нышқа бөледі. Жас өнерпаз Шәкә­рім Камалиев Ә.Желдібаевтың «Ерке­­сыл­қым» күйін шеберлікпен орындаса, көр­кемсөз үйірмесінің мүшелері Нұрбибі Сұлтанбекова мен Ұлдана Орын­таева «Қалжан ахун – кемеңгерім, діндарым» өлеңін оқыды. Сахна төрінде ауыл­дың «Ақ әжелер» ансамбілі халық ән­де­рі «Шіркін-ай» мен «Маусымжанды» шыр­қа­ды.

Ауылдың күміс көмей әншілері Б.Ома­ров, Г.Серікбай, А.Серікбол, Н.Аман­гелді «Біз өнерге ғашықпыз», Г.Ахмет, Г.Сырғабаева «Мақсат – бақыт бастауы», Г.Ахмет, Г.Сырғабаева мен С.Төлеубаев «Тәуелсіз Қазақстан» әнін орындап қия­ға қанат бітірген Сыр елінің талантты жастарының, киелі Қалжан ахун ауылы­ның өнерін паш етті.

Айту керек, мерекелік концерттің жо­ғары деңгейде өтуіне клуб қызмет­кер­ле­рінің қосқан үлесі зор.





Бибісара ТАҢАТАРҚЫЗЫ
24 мамыр 2022 ж. 730 0