Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№4 газет

18 қаңтар 2025 ж.

№3 газет

14 қаңтар 2025 ж.

№ 2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » » Өнер көзі – халықта

Өнер көзі – халықта


Жақында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдар­ламасы және «Балалар жылы» аясында аудандық мәдениет үйінде жетікөлдіктердің «Өнерпаз болсаң арқалан» тақы­рыбындағы өнер фес­тивалі өтті.

Өнер фестивалі Жетікөл ауылы жа­йында түсірілген бейнебаянмен ашылды. Ауыл тарихы мен тұрмыс-тіршілігі, еңбек жө­нінде жиналған қауымға кеңінен мағлұмат берілді. Өз кезегінде сахна төріне шыққан ауыл өнерпаздары ән айтты, би биледі. Халықаралық, республикалық, облыстық бай­қаудың жеңімпазы Д.Кеңесова «Жетікөл жайлы», С.Нұрланқызы «Жетікөл жері» өлең­­дерін жатқа оқыды. Ал термеші А.Өтеуов «Өсиет» термесін нақышына келтіріп орындаса, жергілікті өнерпаздар Е.Білманов «Асыл арман», Қ.Бажиева «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», Ә.Мырзахмет «Мен қазақпын» әнін, Б.Нақыпбек пен Е.Азаматұлы «Туған жер» әндерін шырқады. Сонымен бірге мың бұралған бишілер сахналық қойылым қойды.

– Сыр елі – таланттылар мекені. Аудан орталығынан шалғайда орналасқан Жетікөл ауылының өнерпаздары қазақы өнерді жан-жақты дәріптеді. Жергілікті әнші-бишілердің өнеріне аудан жұртшылығы жоғары баға берді. Қашанда өнерсүйер қауымның қол­дауы бізді шабыттандырады. Алдағы уа­қытта айтулы жыл аясында жобалар жал­ғасын табады, – деді Жетікөл ауылдық клу­бы­ның директоры А.Өтеуов.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 

16 сәуір 2022 ж. 731 0