Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жүйелі жұмыс – нәтижелі жетістік

Жүйелі жұмыс – нәтижелі жетістік

Кент және ауылдық мәдениет үйлері, клуб кә­сіпорындары әдіс­кер­лері мен мәдени ұйым­дастырушылары арасын­да «Жүйелі жұ­мыс – нәтижелі же­тістік» та­қы­ры­бында аудандық се­ми­нар-кеңесі өткі­зілді.

Маңызды шараны аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық мәдениет үйінің қолдауымен Шаған ауылдық мәдениет үйі ұжымы ұйымдастырды. Семинар-кеңес ел руханияты мен рухани қазынамызды елге насихаттап жүрген сала қызметкерлерінің біліктілігін арттырып, іскерлігін, кәсіби шеберлігін анықтауды, сондай-ақ тәжірибе алмасу, шығармашылық деңгейлерін шыңдауды мақсат етті.

Семинар-кеңеске қатысушыларға мәдениет үйі жанындағы үйірме өнерпаздары «Өнерлі елдің сәлемі» атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Көрермендерге арнап Сарыбаевтар халықтық отбасылық ансамблі ән шашуын арнаса, «Сыр гүлі» халықтық би ансамблінің бишілері мың бұрала би биледі.

Аталған семинардың бағдарламасымен таныстырған Шаған ауылдық мәдениет үйінің директоры Е.Медет қатысушыларға сәттілік тіледі. Ал іс-шараны жүргізген ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Г.Раймбекова мәдениет үйінде жаңа үлгіде жасалған әдістемелік бұрыштың іс-қағаздары мен маңыздылығын айтып өтті.

Сонымен қатар, іскерлік ойындар ұйымдастырылып, әдіс­керлер мен мәдени ұйымдастырушылар арасында тәжі­рибе алмасуға жағдай жасалды. Семинар-кеңес соңында қатысушыларға аудандық деңгейде өткізілген мәдени шаралар негізінде дайындалған кітапша, нұсқаулықтар таратылды.

Семинарды аудандық мәдениет үйінің әдіскері Г.Сәрсен­баева қорытындылап, алдағы уақытта мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарында іс-тәжірибе алмастыру мақсатында семинарлар өткізу дәстүрлі түрде жалғасын табатындығын айтып өтті.



Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
06 қазан 2021 ж. 345 0