SpaceX компаниясы Starship зымыранын орбитаға ұшырды
SpaceX компаниясы әлемдегі ең ірі Starship зымыранын осымен 15-рет Жер орбитасына ұшырды. Зымыран АҚШ-тың Техас штатындағы компанияның Starbase аэроғарыштық базасынан сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.Ғарыш кемесі шамамен 275 шақырым биіктікке көтерілді. Ұшу 22 сағатқа созылады. Осы уақыт ішінде аппарат Жерді 14 рет айналып, орбитаға Starlink интернет желісінің 26 жерсерігін шығаруы керек.
Алайда Super Heavy зымыран тасығышын кері қайтару сәтсіз аяқталды. Бірінші сатысы ұшыру алаңына қона алмай, Мексика шығанағына құлады.
Айта кетейік, Starship ғарыш жүйесі болашақта Ай мен Марсқа ұшу мақсатында әзірленіп жатыр. Осыған дейін ол 14 сынақтан өткен. Оның тоғызы сәтті аяқталған.










