Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Мұқағали мұрасы – ұрпақтың баға жетпес қазынасы»

«Мұқағали мұрасы – ұрпақтың баға жетпес қазынасы»

Сырдария аудандық мəдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ақын, жазушы Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өз еліне патриоттық сезімін арттыру мақсатында «Мұқағали мұрасы – ұрпақтың баға жетпес қазынасы» атты онлайн көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы өтті.

Байқауға кент және ауылдық клубтарымен мәдениет үйлерінен талапкерлер қатысып, бақ сынады.

Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені – кент мәдениет үйінің атынан қатысқан Н.Әбіласан, бірінші орынды аудандық мәдениет үйінің намысын қорғаған Ж.Әбенов иеленді.  Екінші орынға Қалжан ахун ауылынан қатысқан А.Серікбол лайықты деп танылды. Үшінші орынмен Тереңөзек кент клубынан қатысқан Н.Дәуітбаев марапатталды.

Байқау соңында жеңімпаздарға «Алғыс хаттар» және бағалы сыйлықтар табысталды.
26 қазан 2020 ж. 607 0