Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Әлем ақыны – Жамбыл

Әлем ақыны – Жамбыл

Жақында Іңкәрдария ауылдық округі әкімшілігінің қолдауымен, ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Әлем ақыны – Жамбыл» атты оқушылар арасындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды.

Байқаудың негізгі мақсаты Жамбыл Жабаевтың жауһар жырларын, өнерін жастарға насихаттау, өнегелі өмір жолын өскелең ұрпаққа өнеге ету, ақынның шығармаларын көпшілікке таныту және өнерпаздарға қолдау көрсету болып табылады. Көркемсөз оқу шеберлерінің жас ерекшеліктері 10-15 жас аралығын құрады. Свйс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде талапкерлер ақын Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыса, екінші кезең бойынша ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған елімізге танымал ақындардың өлеңдерін мәнерлеп айтты.

Байқаудың қорытындысында барлық қатысушыға арнайы «Диплом» мен «Алғыс хаттар» ұсынылып, арнайы сыйлық табысталды.
Балтабай ОРДАБЕКОВ 
22 ақпан 2021 ж. 654 0