Байқаудың бас жүлдесі – Сырдарияда
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық онлайн байқауы өтті. қазалы ауданында ұйымдастырылған облыстық байқауға қатысып, бақ сынаған сырдариялық гүлзат аманкелдиева бас жүлде иеленді.
Байқауда Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен нақыл сөздері таныстырылды. Жастарды өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандыру мен олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды мақсат еткен байқауда қатысушылар көркем шығармаларды жатқа оқып, өз шеберліктерін көрсетті.
Облыстық деңгейде ұйымдастырылған шығармашылық байқау екі кезең бойынша өрбіді. Бірінші кезең «Абай айтқан асылдар» деп аталып, онда талапкерлер ақын шығармаларындағы білім, ғылым және өнер тақырыптарында өрілген поэзиялық туындылар мен қара сөздерді мәнерлеп оқыды. Ал, екінші кезеңде талапкерлер ұлы ақынды әлемге танытқан көрнекті жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзінді оқыды.
Талапкерлердің өнерін «Қазалы» газетінің бас редакторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Есет Табынбаев, «Өнеге» әжелер ансамблінің мүшесі, актриса Ұлжан Ахметова, ҚР мәдениет саласының үздігі Ғалия Оспанова бағалады. Қазылар алқасының шешімі бойынша екі кезеңде де үздік деп танылған сырдариялық Гүлзат Аманкелдиева облыстық байқаудың бас жүлдесін иеленді.
Көркем сөз оқу шебері Гүлзат Талғатқызы Н.Ілиясов ауылындағы №132 Т.Айтбаев атындағы мектепте ұстаздық қызмет атқарып келеді. Бала күнінен көркемсөз оқуға дағдыланып, қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа оқитын жас маман бүгінгі күнге дейін көптеген байқаудың жеңімпазы атанған. Өнерге құштар жас бұл жолғы байқауда А.Құнанбайұлының жиырма тоғызыншы қара сөзі мен жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзіндіні жатқа мәнерлеп оқыды.

Б.ЖАНӘЛІ