Жәрмеңкеде халыққа 65 тонна ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылды
Жәрмеңкеге ауданның 13 ауылдық округі мен Тереңөзек кентінен ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілді. Тұрғындарға жалпы көлемі 65 тоннадан астам өнім ұсынылды.Атап айтқанда, жәрмеңке сөрелеріне 36 тонна ақ күріш, 20 тонна картоп, 21 тонна жуа, 21 тонна қауын, 5 тонна сәбіз қойылды.
Сонымен қатар 13 тонна асқабақ, 4 тонна балық, 2 тонна сиыр және жылқы еті, 450 литр/кг сүт өнімдері, 400 келі бал, 500 келі жүгері, 600 келі қызанақ пен қияр, 1 тонна алма және 600 келі жиде тұрғындар назарына ұсынылды.
Бұдан бөлек, жоңышқа мен қамыстан дайындалған престелген шөп те сатылымға шығарылды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге барлығы 52 көлік жұмылдырылды.
Жәрмеңке тұрғындарға жергілікті жерде өндірілген табиғи өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берді.










