Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы Палестина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Палестина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббас пен оның отандастарын Палестинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Аkorda.kz.

Президент Палестина көшбасшысының бейбітшілік пен тұрақтылық жолындағы бағдары халық бірлігін сақтауға, ел егемендігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық дамуға қызмет етіп, екіжақты қарым-қатынас өркендей беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббастың жауапты қызметіне табыс, ал Палестина халқына құт-береке тіледі.


Сурет: Ақорда
15 қараша 2026 ж. 15 0