Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Cапалы медициналық қызмет – халық денсаулығының кепілі

Cапалы медициналық қызмет – халық денсаулығының кепілі

Сырдария аудандық ауруханасында тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру, емдеу үдерісін жетілдіру және науқастардың денсаулығын қалпына келтіру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде.

2026 жылдың 9 айында аудандық аурухананың стационар бөлімдерінде 3921 науқас ем алып, денсаулықтарын түзеп шықты. Әрбір ем алушыға білікті дәрігерлер мен орта буынды медицина қызметкерлері тарапынан тиісті медициналық көмек көрсетіліп, заманауи диагностикалық және емдеу тәсілдері қолданылды.

Аурухана ұжымы пациенттердің қауіпсіздігі мен жайлылығын басты назарда ұстап, ауруды ерте анықтау, тиімді ем жүргізу және оңалту іс-шараларын сапалы ұйымдастыруға ерекше мән беруде.

Өз кезегінде бас дәрігер Жанар Жұмабаева медициналық қызметтің негізгі мақсаты – тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту екенін атап өтті.
– Халық денсаулығы – ең басты құндылық. Біздің міндетіміз – әрбір тұрғынға қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек көрсету. Аурухана ұжымы өз ісіне жауапкершілікпен қарап, науқастардың сауығып, қалыпты өмірге оралуы үшін аянбай еңбек етуде. Медициналық көмектің сапасын арттыру, заманауи талаптарға сай қызмет көрсету – біздің тұрақты жұмыс бағытымыз, – деді Жанар Жұмабаева.

Бүгінде Сырдария аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері кәсіби біліктілігін жетілдіріп, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету жолында еңбек етуде. Әрбір емделушінің саулығы мен сенімі – аурухана ұжымының басты міндеті.

15 қараша 2026 ж. 37 0