Жылу беру маусымына орай профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді
2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымында өрт оқиғаларының, адам өлімі мен жарақаттануының алдын алу мақсатында Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі аудан көлемінде орналасқан тұрғын үйлерді аралап, тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Іс-шара барысында тұрғындарға пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, электр құралдарын дұрыс пайдалану, электр сымдарының жарамдылығын тексеру, тұрмыстық газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану және улы газдан уланудың алдын алу шаралары түсіндірілді.
Сонымен қатар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертіліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.









