Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » МАҚСАТ – САЛА МАМАНДАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ

МАҚСАТ – САЛА МАМАНДАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ


Мемлекет мәдениетін танытатын да осы киелі орын. Ал, кітапханашылар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалаушылар. Қазақстандағы кітапхана ісінің дамуы, өркендеуі ең алдымен білікті кітапханашы мамандарға байланысты екені анық. Соған сәйкес, жақында кітапханашылардың біліктілігін арттыру, мәрте­­­­­­­­бесін көтеру, жаңашылдыққа жол ашу, кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында «Жыл кітапханашысы – 2017» атты аудандық кәсіптік байқау өткізілді. Байқауға ауылдық және аудандық кітапханалардан 16 кітапханашы қатысып, 8 кезең бойынша сынға түсті.
Алғашқы кезеңде сайыскерлер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында ауыл тарихымен таныс­тырды. Екінші кезеңде үстіміздегі жылы еліміздің бас қаласында өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінен алған әсерлері туралы эссе жазып, өз ойларын қағаз бетіне түсірді. Мұнан кейінгі кезеңдерде жыл бойы атқарған жұмыстарын саралап, ұйымдастырған іс-шаралары жөнінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, таныстырылым жасады. Сала мамандарының біліктілігін анықтайтын бесінші кезеңде қатысушылар кітапхана жұмысын жетілдіру бағытындағы өз ойларымен бөлісті. Сонымен бірге, ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Мұнан кейінгі кезеңде сайыскерлер қазақ халқының ұлы
ақыны Абай Құнанбаевтың қара сөздерін жатқа оқыды. Ал, байқаудың соңғы кезеңінде талапкерлер өз өнерлерін көрсетті. Білім тұңғиығынан нәр алған сала мамандары ән айтып, би биледі, домбырамен күй тартып, сегіз қырлы, бір сырлы екендіктерін танытты. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе өткізілген кәсіптік байқау осылайша өз мәресіне жетті.
Байқау барысында білім мен біліктілікті ұштастырып, үздік деп танылған қатысушылар марапат тұғырынан көрінді. Өзінің білімділігімен Жетікөл ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Кенжегүл Сейтпанова III-орынды иеленді. Аудандық орталық кітапханасына қарасты №1 филиал кітапханасының кітапханашысы Ләззат Серікбаева II-орынды қанжығасына байлады. Ал, Асқар Тоқмағамбетов ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Гүлнәр Қаражанова жүлделі I-орынды иеленіп, өзін шебер маман ретінде көрсетті. Кітапханашылық біліктілігін, шығармашылық шеберлігін, инновациялық жұмыстарын жоғары деңгейде көрсете білген Нағи Ілиясов ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Сәуле Найзатаева «Жыл кітапханашысы – 2017» кәсіптік байқауының бас жүлдесін еншіледі. Шараның өту барысында кітапхананың кішкентай белсенді оқырмандары Ұлан Рүстемұлы мен Аяулым Құрманғазина өз өнерлерін көрсетті. Байқауды аудандық мәдениет үйінің әдіскері Гаухар Сәрсенбаева мен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлістан Сансызбайқызы қорытындылап, жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
27 қараша 2017 ж. 1 558 0