Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » » Көркем сөз оқудан онлайн байқау

Көркем сөз оқудан онлайн байқау

Жақында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Н.Ілиясов ауылдық округ әкімдігінің қолдауымен, ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты аудандық көркем сөз оқу шеберлерінің онлайн байқауы өткізілді.
Байқауға кент пен ауылдардан 18-30 жас аралығындағы 12 талапкер қатысты. Талапкерлер онлайн байқау барысында қазақтың бас ақынының өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқыды. Олардың өнерлері онлайн түрінде сарапқа салынды.
Сайыс қорытындысында қазылар алқасы­ның шешімімен нағилық Гүлзат Амангелдиева жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды бесарықтық Ғани Сейдәлі иемденсе, екі үшінші орынды Қалжан ахундық Інжу Дүйсенғалиева мен кент клубынан қатысқан Дәуіржан Жүнісов өзара бөлісті. Сондай-ақ арнайы жүлдеге айдарлылық Орынбай Оспан ие болды.
Жүлдегерлердің марапаты төтенше жағдай аяқталғаннан кейін салтанатты түрде тапсырылатын болады.

ШаҺарбек Нұрсейітов
18 сәуір 2020 ж. 1 183 0