Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ТУҒАН ЖЕРГЕ САҒЫНЫШ

ТУҒАН ЖЕРГЕ САҒЫНЫШ

Аудандық жастар ресурстық орталығының қолдауымен, Іңкәрдария ауылы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ауылдық клуб үйінде Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және "2019-жыл Жастар жылына" орай "Туған жерге сағыныш" тақырыбында аудандық жастар арасында патриоттық ән байқауы өткізілді. Байқауға ауданға қарасты ауылдық округтерден жастар қатысты.
Аталмыш шараның мақсаты жастардың туған жерге деген құрметін арттыру, патриоттық сезімін ояту болып табылады.
Патриоттық ән байқауының бас жүлдесін Тереңөзек кентінен Баянсұлу Сағындықова, І орынды А.Тоқмағанбетов ауылынан Нұрхан Байділдаев, ІІ орынды Н.Илиясов ауылынан Нұрхан Нұрылдаев, ІІІ орынды Іңкәрдария ауылынан Әділет Бөбеш, Бесарық ауылынан Ботакөз Болатбек иеленіп, Алғыс хат пен бағалы сыйлық тапсырылды.

"Тт"-ақпарат


31 тамыз 2019 ж. 1 593 0