Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сыр бойының талантты перзенті

Сыр бойының талантты перзенті

Іңкәрдария ауылдық модельді кітапхананың оқу залында "Дауыстап оқу – руханиятқа талпынысты ояту" жобасы аясында Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері, көрнекті ақын, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Қайырбек Асановтың 75 жасқа толуына орай және ақын шығармаларын насихаттау мақсатында "Ширатқан жүрегімен өлең жырын" атты мәнерлеп оқу болып өтті.

Шараға ауыл ардагерлері, кітапхана оқырмандары және мектеп оқушылары қатысты. Кеш барысында ақынның өмірбаяны мен шығармалары жайлы кітапханашы О.Әлкенова таныстырып өтті.

Мектеп оқушылары ақынның "Балалықты еске алу", "Ауыл кеші", "Қайсар қыз", "Сырдария", "Ауылым алтын бесігім", "Қарашаңырақ", "Жақсылықты аңсау" және тағы басқа өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.

Кеш соңында "Сыр бойының талантты перзенті" атты кітап көрмесі таныстырылып, ақынның кітаптарына библиографиялық шолу жасалды.
Шаһарбек БАЛТАБАЙҰЛЫ
27 ақпан 2020 ж. 545 0